KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Биыл Қазақстанда 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі 

gov.kz

12.11.2025, 16:00 159 Базарова Айгүл

Елімізде теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдегендей, жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен анықталған.

– Қазіргі уақытта 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген. Жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір. 124 нысанның 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қалған үш вокзал тарихи-мәдени мұра тізіміне енген, сол себепті жөндеу 2026 жылы басталады, – деді вице-министр.


Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, вокзалдардың шамамен 70 пайызы соңғы 30 жылда жөндеу көрмеген. Техникалық тексеру барысында бірқатар тіреуіш бағандар мен конструкциялардың ақаулы екені анықталғандықтан, 42 нысан толықтай бұзылған.

– Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуі қажет, – деп түйіндеді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу