KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Дауылды ескерту: 13 қарашада Шығыс Қазақстанды боран мен көктайғақ күтіп тұр

depositphotos.com

12.11.2025, 16:30 206 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 13 қараша күні өңірдің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады. Күні бойы жауын-шашын болады, жаңбыр мен қар аралас жауып, бұрқасындатып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде өтеді. Түнде және таңертең тұман түсіп, желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Өскемен қаласында да ауа райы жайлы болмайды. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескертеді:

  • Мүмкіндігінше елді мекендерден алысқа шықпаңыз;
  • Көлік жүргізгенде жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтаңыз;
  • Жаяу жүргенде абай болыңыз, көктайғақта асықпаңыз;
  • Қатты жел кезінде сымдарға, бағаналарға, тербелетін заттарға жақындамаңыз;
  • Ағаштардың астына және аялдама маңына тығылмаңыз;
  • Төтенше жағдай орын алса, «112» нөміріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына сақтықпен қарауға және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу