Самар ауданының белгілі азаматын ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапаттады
Екінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Самар ауданының мақтанышы, «Ахмадиұлы» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Рапековті еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Бұл марапат – Бауыржан Ахмадиұлының ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегінің, елге деген адалдығының және кәсіби шеберлігінің жоғары бағасы. Ол 33 жыл бойы асқан адалдықпен қажырлы еңбек етіп, өңірдің өсімдік және мал шаруашылығы салаларын табысты дамытып келеді. Шаруа қожалығының материалдық-техникалық базасын күшейтумен қатар, заманауи инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берді. Нақты нәтиже мен тынымсыз еңбектің арқасында Самар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сапасы жақсартуға сүбелі үлес қосып келеді.