KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
507.05 594.82 6.51

ШҚО-да істі болған азаматтарға электронды білезіктер тағылды

5.12.2025, 16:00 181 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің инспекторлары сотталған азаматтарға электронды білезіктер тақты. Цифрлық мониторинг – пробация талаптарының орындалуын бақылаудың тиімді шараларының бірі. Ол қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сотталғандардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Құрылғы иесінің тұрған орнын нақты уақыт режимінде көрсетеді, бұл инспекторларға ықтимал құқықбұзушылықтарға жедел әрекет етуге және олардың алдын алуға жағдай жасайды.

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, аға лейтенант Каим Талғатұлының осылайша қатаң бақылау жүргізілетінін жеткізді.

«Электронды білезік тағу сотталғанға жүктелген міндеттердің орындалуын қатаң бақылауға мүмкіндік береді. Бұл шара тәртіпке шақырып, қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Біз үнемі профилактикалық жұмыс жүргізіп, пробациялық бақылау талаптарын түсіндіреміз және құқықтық жауапкершілік туралы ескертіп отырамыз. Біздің міндет — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сотталғанның пробация кезеңінен құқықтық салдарсыз өтуіне көмектесу», - деді ол.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 11 сотталған азаматқа электронды білезік тағылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу