KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
507.05 594.82 6.51

Қазгидромет: аяз жақындап келе жатыр

6.12.2025, 11:00 181 Ержан Әбіш

Қазақстан аумағына алдағы күндері айтарлықтай суық ауа массалары кіреді. Синоптиктер 6, 7 және 8 желтоқсанға арналған жаңа ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ, тұман және боран болуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуі себепті Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде төменгі боран тұрмақ. Республиканың барлық дерлік аймақтарында көріну қашықтығын шектейтін қою тұман күтіледі. Көктайғақ салдарынан жолдарда қозғалыс қиындап, қауіп деңгейі жоғарылайды.

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің соңына қарай Ресейдің солтүстігіндегі Жаңа Жер аралдары маңынан арктикалық антициклон жылжып, Қазақстанның батыс аймақтарына енеді. Бұл антициклон қысымды арттырып қана қоймай, ауа температурасын күрт төмендетеді.

8 желтоқсанда солтүстік-батыс өңірлерде 5-13 градус аяз күтіледі. Ал солтүстік облыстарда аяз 10-15 градусқа дейін жетіп, одан әрі төмендеуі ықтимал.

Мамандар азаматтарды жолда абай болуға, мүмкіндігінше ауа райы қолайсыз кезеңдерде ұзақ сапарға шықпауды, көліктерін қысқа толық дайындап қоюды ескертеді. Жаяу жүргіншілерге де көктайғақта өте сақ жүру ұсынылады.

Алдағы күндерде арктикалық суық одан әрі күшейіп, республиканың басқа аймақтарына таралады деп күтіледі. Синоптиктер жағдай тұрақталмайтынын, ауа райының құбылмалы сипатта болатынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу