Алтайдың алыс ауылдарына жаңа тыныс: интернет келді
Алтай ауданының тау мен орман арасына орналасқан, қыс қыспағында жолы жабылып қалатын, жазда да елсіз даламен жалғасқан шағын ауылдары бар. Сол ауылдарда өмір сүріп жатқан жұрт үшін әлемнің ақпараттық кеңістігі алыстағы армандай еді. Бірақ биыл бұл арман шындыққа айналып, елді мекендерге цифрлық өркениеттің желісі жетті, деп хабарлайды Altainews.kz.
Жыл соңына дейін аудандағы жеті ауылға — Восточное, Дородница, Северное, Богатырёво, Александровка, Кремнюха және Берёзовка елді мекендеріне — OneWeb серіктік интернет станциялары орнату көзделіп отыр. Әр нүкте 100 метрге дейінгі аумақты қамтып, секундына 50 Мбитқа дейін тұрақты жылдамдық береді. Халқы аз, шалғайда жатқан шағын ауылдар үшін бұл — шын мәнінде жаңа дәуірдің есігі.
Қазіргі уақытта аталған елді мекендердің алтауы іске қосылып, желі ауыл тынысын өзгерте бастады. Бұрын байланыс тұрақсыз болып, интернеттің бар-жоғы білінбейтін елді мекендер бүгінде онлайн әлеммен еркін тілдеседі. Жергілікті тұрғындар үшін жылдам интернет тек жайлылық қана емес, жаңа мүмкіндік, жаңа серпіліс.
Ауыл тұрғыны Наталья Мальцева жаңалықтың балалар үшін маңызы ерекше екенін айтады.
Северное ауылдық округінің әкімі Раушан Мусобалинова бұл істің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
Оң өзгеріс — жай техникалық жаңару емес. Бұл — алыс ауылдардың да заманауи өмірге қадам басуы, ұялы байланыс пен тұрақсыз желіге тәуелді күндер артта қалып, жаңа кезең басталды. Кеше ғана картада көрінбей тұрған ауылдар бүгін жаһандық желімен жалғанды.
Алтайдың тынысы кеңейіп келеді. Енді шалғайдағы үйден де әлемге терезе ашық.



