KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

ШҚО мәслихатының XXVI сессиясы: Аймақ болашағын айқындайтын шешімдер қабылдануда

Бүгін, 11:10 75 Базарова Айгүл

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы басталды. Жиында Шығыс өңірінің алдағы бес-алты жылдағы даму бағыты, бюджеттік саясат, денсаулық сақтау және экология салаларына қатысты сұрақтар қаралып, шешімдер талқылануда, деп хабарлайды Altainews.kz.

Сессия талқысының алғашқы әрі ең ауқымды тақырыбы 2026–2028 жылдарға арналған облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлеміне арналды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов баяндама жасап, қаржы ағынының бағыты, әлеуметтік жобаларды қаржыландыру басымдықтарына тоқталды. 

Келесі тармақта дәл осы алдағы үш жылға арналған облыстық бюджет ұсынылды. 

Сессия барысында денсаулық сақтау саласының болашақ бағытына арналған есебі тыңдалуда. Басқарма басшысы Төлеген Жігітаев өңір медицинасының мүмкіндіктерін кеңейту, жаңа жабдықтар, кадр тапшылығын азайту, шұғыл медициналық көмек сапасын арттыру бағыттарында баяндама жасауда.

Күршім ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның орындалу барысы да назарға алынады. Аудан әкімі Мейіржан Әлбеков өз ауданының есебін ұсынып, адалдық пен ашықтықты нығайту бағытындағы шаралармен бөліспек.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия есебі тыңдалады.

Әртүрлі мәселелер бөлімінде тағы бірнеше маңызды құжат ұсынылады. 2026–2030 жылдарға арналған облыс даму жоспары – Шығыстың жаңа белеске шығуын көздейтін негізгі стратегиялық бағдар. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары белгіленіп, қатты радиоактивті қалдықтарды көму пунктін салу мәселесі қаралады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу