KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
506.7 593.14 6.53

Құтқарушылар көпқабатты үйдегі өртті ауыздықтады – ШҚО

10.12.2025, 12:15 165 Базарова Айгүл

Шемонаиха қаласының 3-ші шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, қою түтін подъезді толық шарпып үлгерген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Құтқарушылар баспалдақ алаңы арқылы 10 адамды, оның ішінде үш баланы дереу қауіпсіз жерге шығарды. Өрт пәтердің алты шаршы метр аумағын қамтып үлгерген, дер кезінде жасалған қызметкерлердің нақты тактикасының арқасында тілсіз жаудың ары қарай таралуына жол берілмеді. Қызыл жалын толық сөндіріліп, үй тұрғындарының өмірі аман қалды. Мамандар қазір өрттің нақты шығу себебін анықтап жатыр.

Бұл оқиға – өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды әрқашан абай болуға, электр құралдары мен тұрмыстық жабдықтарды пайдалану кезінде салғырттыққа жол бермеуге шақырады. Өртке әкелуі мүмкін кемшіліктерді дер кезінде түзету – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаудың басты жолы.

Тілсіз жау ескерту жасамайды. Қарапайым сақтық – үлкен қайғының алдын алады.


Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу