Жаңа жылдық мерекелерде сақ болуға шақырады – ШҚО ТДЖ
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында жаңа жылдық мерекелер қарсаңында облыс тұрғындары пиротехникалық бұйымдарды сатып алуда белсенділік танытып жатқанын атап өтті. Алайда, мерекелік көңіл-күйде жүрген көптеген адамдар сақтық шараларын ұмытып жататыны тағы бар. Отшашу пен пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау үлкен өрттерге және ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мәселен, былтырғы жылы Өскемен қаласында сапасыз отшашу мен қауіпсіздік ережелерін бұзу көпқабатты тұрғын үйдің балконында өрттің шығуына, сондай-ақ Ұлан ауданында бір жасөспірімнің жарақат алуына себеп болғаны көпшіліктің әлі есінде.
Қауіпсіздік мақсатында облыстық ТЖД қызметкерлері полициямен бірлесіп облыстағы базарларда пиротехниканың заңсыз сатылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.
Мамандар келтірген деректерге сүйенер болсақ, жаңа жылдық іс-шараларға қатысатын барлығы 340 нысан есепке алынған. Мектептерде шыршаларды орнату желтоқсанның жиырмасынан кейінгі күндерге жоспарланған, негізгі тексерулер айдың үшінші онкүндігінде өтеді. Қауіпсіздікке қатысты 15 жедел топ құрылған. Қазірдің өзінде 23 рейд жүргізілген. Халық арасында 140 нұсқаулық өткізіліп, оған шамамен 850 адам қамтылған.
Сондай-ақ олар брифингте отшашу пен жарылғыш заттарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын қашықтықта атпау керектігін және желді ауа райында пиротехниканы қолдануға мүлдем болмайтындығын ескертті.
Бүгінгі таңда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыста төрт ұйым пиротехника сатуға рұқсат алған. Сауда нүктелері Өскемен қаласында сегіз, Риддерде және Алтай ауданында бір-бірден.
Атай кетсек, Өскемен қаласында:
«Ұлан» ЖШС
– Виноградов көшесі 17а, «Дос-Нар» СО, «Сити Центр» СО
– Бажов көшесі 331/1, «Самал» СО
– Қазыбек би даңғылы 25, «Океан» СО
«СТиК» ЖШС
– Қ.Сәтпаев даңғылы 76/2, «METRO» СО
– Жібек Жолы көшесі 1, «Магнум» СО
– Бажов көшесі 110, «АДК» СО
«PANNDA» ЖШС
– Қ.Сәтпаев даңғылы 84, «Фреш Маркет» СО
Алтай ауданында:
«Алтай Салют» ЖШС – Первомай көшесі 23/2
Риддер қаласында:
«Ұлан» ЖШС
– «Валентина» дүкені, Тәуелсіздік көшесі 39
Мамандар пиротехникалық бұйымдарды елдімекендерде қолдану ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау және сауда жүргізу тәртібін бұзу, 483-баппен тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сату 196-баппен әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін айтады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі отшашу сатып алғанда, оның жарамдылық мерзіміне назар аударуды ескертеді. Егер өнімнің мерзімі өтіп кетсе, оны ешқашан қолдануға болмайды. Пиротехниканы қолдану кезінде темекі шегуге және оны балаларға жіберуге қатаң тыйым салынады. Отшашуларды жақын маңда тұрған автокөліктерге қарай атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қаупі бар нысандар болмауы тиіс. Тамашалаушылар фейерверк іске қосылатын жерден 15-20 метр қашықтықта тұруы тиіс.
Дәурен Аллабергенұлы
Фото: ШҚО ТЖД