KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
507.05 594.82 6.51

Самар ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

15.12.2025, 12:15 357 Базарова Айгүл

Самар ауданына жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдымен «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын бағамдап, атқарылған жұмыстардың сапасын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Сондай-ақ облыс әкімі аудан орталығында орналасқан үш қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Аталған нысанның жалпы ауданы 1200 ш.м. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында басталып, желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі орындалған.

Айта кету керек, биыл Самар ауданы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 6,5 млрд теңгені құрайды. Есепті кезеңде 3 929 ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,9% өсімді көрсетіп отыр. 

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен кейіннен сатып алу шартымен 40 пәтер аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін салынуда.
Сонымен қатар, Бакраев көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй кешенінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі Серік Жеңісовтің мәліметінше, денсаулық сақтау саласының мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Самар ауылындағы көпқабатты тұрғын үй қорынан 8 пәтерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 50,4 млн теңге бөлінген.

Жалпы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауданда тұрғын үй кезегінде 418 азамат тұр. Оның ішінде жетім балалар – 109, халықтың әлеуметтік осал топтары – 200, көпбалалы отбасылар – 58, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 6, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері – 45 адам.

 

Былтыр Самар ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көпбалалы және әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Самар ауылында алты пәтерлі 3 бірқабатты үй салынды және көпқабатты тұрғын үйлерден 38 пәтер сатып алынды.

Ал ағымдағы жылы аудан орталығында 24 пәтерлі 12 үй, Құлынжон ауылында 4 пәтерлі 2 бірқабатты тұрғын үйді аяқтау және сатып алу жоспарланған. 

Тұрғын үй құрылысының барысын бағамдаған облыс әкімі Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына Самар ауданының әкімімен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін барлық 14 үйдің құрылысын толық аяқтауды тапсырды. Басты назар жылу жүйесін тартып, қосуда қауіпсіздік мәселесін жіті назарда ұстауды нықтады.

Әлеуметтік маңызды нысандарды аралау барысында аймақ басшысына ауданның болашақ бас дамуы жоспары таныстырылды.


Фото: Артем Жигулин 

Видео: Жәнібек Ырысбай 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу