«Шығыс Салбурыны – 2025»: бүгін ақтық мәре!
Бүгін, 11 қазан күні, Ұлан ауданының Бозанбай ауылы маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында дәстүрлі «Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық бүркітшілер фестивалі өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Үш күнге созылған бұл этношарада бүркіт, ителгі, қаршыға баптаған құсбегілер мен тазы жүгірткен саятшылар сынға түсті. Сондай-ақ, ұлттық киім, қолөнер, атбегілік пен аңшылық дәстүрлер дәріптеліп, нағыз қазақтың қыран рухы сезілді.
Бүгінгі финалдық күні бүркіт, ителгі, қаршыға жарыстарының шешуші кезеңдері, жамбы ату, теңге ілу, асау үйрету, шоy-айтыс және марапаттау рәсімі өтеді.
Фестивальдің мақсаты – ата-баба дәстүрін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды әлемге таныту, жас ұрпаққа саятшылық өнерін дәріптеу.