KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Жаңа даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілуі мүмкін - Семей

19.03.2021, 11:53 206

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Семей қаласы Ақпарат орталығы АКҚ.
 Жиын барысында төрт мәселе қаралды: алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы туралы, төртіншісі Қарағайлы жаңа ықшам ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің атын беру мәселесі.

- Болашақта бұл ауданда мұз кешені, технологияны меңгеру мектебі, бірнеше функционалды және серуендеу аймақтары, тамақтану пункттері, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары ашылады деп жоспарлануда. Көшелер жарықтандырылып, орындық, қоқыс жәшіктері мен кішігірім архитектуралық пішіндер орнатылады, - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.- Даңғыл жаңа, атауы жоқ.

Даңғыл Қарағайлы тұрғын үй аумағында, Семей-Павлодар тасжолының басынан басталады. Сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, оң жағында тұрғын үйлер, балабақша бар. 
Даңғылдың ені 40 метр, ал ұзындығы 950 метр. Болашақта ұзындығы екі шақырымнан асуы мүмкін. 
Барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.
Даңғылға атау беру туралы соңғы шешімді Республикалық ономастика комиссиясы шығарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив