KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО әкімі: «Жас археологтарды Александрия, Рим кітапханаларына жібереміз»

26.02.2021, 12:08 191

Қазақстанның жетекші археологтары Шығыс Қазақстан облысында қазба жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Білек сыбана тер төккен археологтар 5 жыл ішін 26 мыңнан астам артефактілерді тапқан. Олар еліміздегі музей қорларын толықтырып жатыр.

-   Археология саласында белсенді жұмыс істеп келеміз. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Ұлыбританияның зерттеушілерінің өзі біздің жәдігерлерді зерттеп, көріп: «3 мың жыл бұрын бұл мекенде өмір сүрген адамдар неткен білімді, шебер болған. Ат үстінде жүріп, металлургия ісін де білген» деп таңғалды. Сондықтан, геология, металлургия процесін білген ата-бабаларымызбен мақтануымыз керек. Өте үлкен қуаныш, мақтаныш, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов биылғы есептік кездесуінде. 

Археология саласында жұмыстар мұнымен бітті деген сөз емес. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі археологиялық зерттеулерді қаржыландыруда. 2021 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл мақсаттарға қосымша 220 млн. теңге жұмылдырылмақ.

-  Біз биыл жұмыс тобын құрамыз. Жас археологтарды Александрия, Рим кітапханалдарына жібереміз. Ол жақта қазақ елі туралы не жазылғанын барып, зерттеп, қазақ тарихының жаңа бетін ашуымыз керек. Бұл тұрғыда өңірдегі екі университетпен байланыс нығайтамыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. 

Айта кетейік, бүгінде Катонқарағай ауданындағы Берел қорғанын зерттеуді тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев жалғастыруда. Шілікті алқабында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарына профессор Әбдеш Төлеубаев жетекшілік етуіп келеді. Тарих ғылымдарының докторы, еліміздегі алғаш шыққан Қазақстан тарихы кітабының авторы Карл Байпақов Ұлан ауданында орналасқан Абылайкит бекініс-монастырын зерттеп келе жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив