KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Баян-Өлгей аймағын су басып жатыр (фоторепортаж)

17.07.2018, 11:25 159

Баян-Өлгей аймағында сел түсіп, қырықтан астам үй су астында қалған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, олардың саны артқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



Үш күн бойы толассыз жауған жауын салдарынан Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағын су басқан еді. Алғашқы сел түн жарымында Бөкентау тауынан түскен. Ертеңінде түсе ауа қала көшелерімен тағы сел жүрген.



Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша қаланың 5 ауданында 275 отбасы су астында қалған. Бұл дәл қазіргі уақыттағы мәлімттер. «Сел түскен аумақта орналасқан 2, 3, 4, 11, 12, 13-аудандар тұрғындарының қаша-қорасы, құдығы, баспанасы су астында қалған. Сел зардаптарын жоюға Аймақтық ТЖД, Қарулы күштердің №340 бөлімі, Байланыс орны қызметкерлерінен құралған 124 адам және 24 техника жұмылдырылды» деген Аймақтық ТЖД-ның хабарламасы жетті.



Қазіргі уақытта 163 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 95 адам Өлгей қалалық №6 орта мектептің жатақханасына орналастырылды. Адам шығыны болмағанымен, тұрғындардың көбі селдің салдарынан материалдық шығынға белшеден батты.



– Қазіргі жағдайда су тасқынының беті қайтты. Аймақ әкімі Ғылымқан Әлиұлы орынбасарларымен сел түскен аумақта жұмыс істеп жатыр. Қазір күн шықты, жаңбыр басылған. Енді тоқтау суларды сорғызу жұмыстарын қолға алдық, – деді Аймақтық құрылтай төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.





 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив