KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Дүйсенов Арсений Кеңесұлы

Бас директор

Жұмыс өтілі:

Еңбек жолын 1992 жылы Целиноград қаласындағы (қазір Астана) «Цесна» телерадиокомпаниясында редактор болып бастаған.

1992-1994 жылдары Қызылорда қаласындағы Қызылорда облыстық мемлекеттік телерадиокомпаниясының қызметкері болып қызмет атқарды.

1994-1998 жылдары Қызылорда облысы бойынша «Қазақстан телевизиясы және радиосы» республикалық корпорациясының меншікті тілшісі;

«Хабар» агенттігі (телевизиялық) бюросының Қазақстанның оңтүстік үш облысы бойынша басшысы;

1998 жылы «Сырдария-пресс» ақпараттық агенттігінің директоры;

1998-1999 жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы;

2000-2004 жылдары «Қызылорда қаласының коммуналдық төлемдерді есепке алу орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

2004-2006 жылдары саяси партияларға кеңес беру және сайлау науқаны жұмыстарын жүргізген.

2006-2007 жылдары «Республика» газетінің бас редакторы, «Барлау. Өндіру. Қазмұнайгаз» компаниясы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында бас аналитик;

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы;

2009-2014 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры;

2014-2017 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақмола облыстық филиалының директоры.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі.

2023 жылдан «Altai-News» медиа-орталығы» ЖШС Бас директоры

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:

- «Құрмет» орденінің иегері;
- «Ерен еңбегі үшін» медалі;
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
- «Қазақстан полициясына 20 жыл» мерейтойлық медалі