KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Қазақтар Қосағашта бас қосты

17.07.2023, 20:33 578

Моңғолияның Ұлан-Батыр, Налайх, Ховда, Баян-Өлгей аймақтарында жалғасқан қазақтар кездесуі Алтай Республикасы Қосағаш ауданына жетті.

Ресми делегацияның құрамында Отандастар қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, Парламент депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Болат Керімбек және зиялы қауым өкілдері бар, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Didar ақпаратқа сілтеме жасап.

Делегация мүшелерін Қосағаш ауданының әкімі Серікжан Мұратханұлы мен аудан мәслихаты төрағасы Санаш Дидунов шекара шебінен қарсы алып, Алтай қазақтарының мұрасы сақталған Жаңа ауыл елді мекеніне алып барды. Олар өңірдің тұрмыс-тіршілігімен танысып, осындағы ұлттық құндылықтар дәріптелген мұражайды аралады.


Алтай Республикасында аумағы жағынан ең үлкен және үш бірдей елмен шекаралас жатқан (Моңғолия, Қазақстан, Қытай) Қосағаш ауданының халқы қазақы дәстүрі мен салтын жақсы сақтаған. Ресейдегі қазақ тілінде 1-5 сыныптарға арналған оқулық өткен жылы осы ауданда ұстаздардың ұзақ жылғы еңбегімен қолданысқа енді.

Халықпен кездесу, тұрғындармен тілдесу аудан орталығында орналасқан саябақта ресми делегациямен қатар жүрген қарағандылық «Тәттімбет» атындағы академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің салтанатты концертімен жалғасты. Бұл шаралар Ресей халқының Отбасы күнімен орайлас келген екен. Атамекеннен алыста жатқан Алтай қазақтарының көңілі марқайып, рухы асқақтап, Қазақстанға дұғай сәлемдерін жеткізді.

a

Шара соңында аймақ халқының бірлігі, қазақ тілін сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген Қосағаштағы қазақ мәдени орталығының басшысы Арқалық Сұлтанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төсбелгілі Алғыс хатымен  марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімі Серікжан Мұратханұлы мен аудан мәжіліс төрағасы Санаш Дидуновқа «Отандастар қоры» алғыс хаты және «Алғыс» естелік медалі табыс етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив