KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность Штиль
452.92 484.99 5.12

Өскеменде жануарларды қорғаушылар егеуқұйрықтармен күресу тәсіліне қарсы

Фото: Instagram.com/otdel_zhkh_yk

8.02.2024, 20:05 62 ALTAINEWS

ШҚО орталығы Өскемен қаласында Пәтер иелері кооперативтері, Мүлік иелерінің бірлестіктері мен Қарапайым серіктестіктер көпқабатты үйлердің жертөлелері мен тұрмыстық қатты қалдықтар жинау алаңдарында жаппай улаумен айналысуда, деп хабарлайды Altainews.kz сайты YK-news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Мәселен, «Синтез» ПИК бүрку арқылы дератизация жасап жатқан видеосын жариялады. «УК Баяш Өтепов» ЖШС кеміргіштермен күресті басқа тәсілмен жүргізіп, қызметкерлері уланған жемді шашады. ТҮКШ бөлімі қоқыс жәшіктері бар жерлерде уланған жем қалдырып жүрген адамдардың суретін жариялады.

Бұл әрекеттерге үй жануарларын қорғаушылар жауап берді.

- Өркениетті елдерде жаппай дератизациялауға тыйым салынған. Өйткені уланған жеммен егеуқұйрықтар ғана емес, мысықтар мен иттер де улануы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас жандар үнемі қоқыс жәшіктерін ақтарып, жеуге болатын азық іздейтінін ұмытпаған жөн, - деп атап өтті «Досым» жануарларды оңалту орталығының еріктілері.

«Дворянин» жануарларды қорғау қоғамдық қорының төрағасы Лариса Прокопьева да осындай пікірде.

- Егеуқұйрықтар өте ақылды жануарлар, олар уланған жемді жеуі екіталай. Егеуқұйрықтарды мысықтар ғана жоя алады, - деп қосты Лариса Васильевна.

Алайда, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кеміргіштермен күресудің бұл әдісі өте қолайлы деп түсіндірді.

- Санитарлық ережелерде дератизацияны физикалық, механикалық, химиялық тәсілдермен, уланған жемдерді қою, бүрку, газдандыру әдістері арқылы жүргізу қарастырылған. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтайтын және тағы да басқа қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ғимараттарында уланған жем дератизациялық құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген ережеге сәйкес қолданылады,- деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.


 

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив