KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Жеңілдетілген автонесие: қанша адам көлікке ие болды?

Фото: egemen.kz

17.07.2023, 14:12 191

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты статистикалық деректерді жария етті.

Қайтарылған револьверлік қаражат есебінен 640 автомобиль сатып алынды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2022 жылдың басында жинақталған утильалым қаражатын ұтымды әрі тиімді пайдалану әдісіне қатысты Президент берген тапсырма аясында іске қосылған болатын. Жинақталған қаражат есебінен револьверлік-қайтарым негізінде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Бұл мақсатқа бөлінген 100 млрд теңге халықтың 12 650 автомобиль сатып алуын қамтамасыз ету", - деп хабарлады ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

Сонымен қатар қайтарылған револьверлік қаражат есебінен 640 автомобиль сатып алынды. Бағдарлама бойынша жалпы 13 342 адам көлікке ие болды.

  "Дегенмен, қолда бара қаражат есебінен халықтың басым бөлігінің қажеттілігін тиімді қамтамасыз ету және қанағаттандыру міндеті тұр және де жеңілдетілген автонесие бағдарламасын автобустарды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қайта бағдарлау жүктелген міндетке сай келеді. Қазіргі уақытта қалалық автобус парктерінде 10 525 жолаушылар көлігі бар. Олардың 46 пайызы тозған. Бұл көрсеткіш кейбір қалаларда 90 пайызға дейін жетеді. Сол арқылы қызмет сапасы мен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды", - делінген жауапта.

Мұнан бөлек, ел тұрғындарының экономикалық белсенді тобының басым бөлігі күнделікті қалалық қоғамдық көлікпен жүреді. Олар күніне 9,3 млн рет автобуспен қатынайды.

  "Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын автобустарды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қайта бағдарлау санаулы адамның автомобиль сатып алу қажеттілігін қанағаттандырғаннан гөрі халықтың күнделікті жайлы әлі сапалы қатынау мәелесін барынша белсенді шешуге мүмкіндік береді. Осыған орай жеңілдетілген автонесие бағдарламасы өз міндетін жүзеге асырды және де ол басқа бағытта жүзеге асырылуын жалғастыруда", – деді министрліктен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив