KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге ыңғайлы жаңа форма тігіледі

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 09:32 246

Аппараттық кеңесте төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуді тапсырды.

Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма дайындау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың бүкіл ұсыныстарын ескереді.

Жұмыс тобы осы бағыттағы ең үздік әлемдік тәжірибелерді де зерттемек.

– Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы көбінесе жеке құрам үшін қиын әрі күрделі өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы және функционалды болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек, – деп атап өтті Сырым Шәріпханов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив