KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Елдегі ұялы байланыс нарығы бәсекеге қабілетті ме?

Фото: egemen.kz

19.07.2023, 14:55 192

Еліміздегі ұялы байланыс нарығы бәсекеге қабілетті.

Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бүгінгі күні ұялы байланыс нарығында бес сауда белгісін иеленетін 3 оператор бар. Талдау қорытындысы бойынша елді мекендерді ұялы байланыс және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерімен қамтуда көрсетілген ұялы байланыс операторлары арасында теңгерімсіздік байқалмайды. Бұдан басқа, радиожиілік спектрін тиімді бөлу мақсатында, Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі қайта қаралды, – деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, 2022 жылдың желтоқсанында 3600-3800 МГц диапазонындағы екі лот бойынша жиілік диапазондарын тағайындау бойынша алғаш рет аукциондар өткізілді.

– Әлемдегі халық тығыздығының көрсеткіштері төмен елдердің біріне жататына қарамастан, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының «Телекоммуникациялық инфрақұрылым» индексі шеңберінде 65-ші орында. Осылайша, ағымдағы жағдайды ескерсек, елдегі ұялы байланыс нарығы бәсекеге қабілетті, – деді Әлихан Смайылов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив