KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ХҚО қызметкерлері базадан бай жігіт тауып, күйеуге шыққан

Фото: pexels.com

19.07.2023, 15:59 344

ХҚО орталығының екі қызметкері базадан бай жігіттерді тауып, тұрмысқа шыққан.

Бұл туралы Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев Арман Абдоллаға берген сұқбатында айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі kaz.globalnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылы Астана қаласында болған көрінеді.

Жағдайы жақсы жігітке тұрмысқа шығуды армандаған қос бикеш өкілеттікті асыра пайдаланған. ХҚО-да жұмыс істейтін екі қыз орталықтың дерек қорынан Астана қаласында тұратын лайықты жігіттерді тауып алған. Табысы жақсы, басында кредиті жоқ, меншігінде үйі мен қымбат көлігі бар екі жас жігітті таңдап, аты-жөні арқылы әлеуметтік желіден іздеп тапқан. Содан кейін олардың қай жерде жиі демалатынын анықтап, танысып алып, ақыры соларға күйеуге шыққан көрінеді.

Бірақ кейін қыздардың қызметіне байланысты ХҚО-ның қауіпсіздік қызметі тарапынан күмән туындап, оның арты біраз дау-дамайға ұласқан.

Күйеубалалар да өздерінің қалайша күйеу болғанын білген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив