KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Елімізде 165 мыңға жуық адам өзін құмар ойындардан шектеген

depositphotos.com

10.10.2024, 15:00 103 Ержан Әбіш

Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәліметті жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылғы 7 қазанға дейін 164 523 өзін құмар ойындардан шектеген:

eGov mobile арқылы – 161 707 адам;

жазбаша – 2 816 адам.

Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметінше, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:

eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);

жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).

Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылғы 18 наурызда енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу