KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 3 м/с, С
512.44 593.15 6.52

173 мың студент колледжді тәмамдады

20.05.2025, 12:30 94 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда 2024–2025 оқу жылы аяқталып, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарын 173 мың студент бітіруде. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы оқу жылы Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтуде. Министрдің айтуынша, бұл бастама колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтіп, жастарды еңбек нарығына бейімдеуге тың серпін берді.

«Колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алды. Соның ішінде 123 мыңы – жұмысшы біліктілігі бойынша, 27 мыңы – дуальды оқыту бағдарламасы арқылы оқуды аяқтады. 10 мың студент – нақты кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша дайындалды», – деді министр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы колледж түлектерінің 81%-ы жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында кәсіпорындар мен колледждердің өзара байланысы күшейіп отыр.

2023 жылы 412 колледжге 558 кәсіпорын қамқорлық көрсетсе, биыл бұл көрсеткіш 662 колледж бен 4 мыңнан астам кәсіпорынға жетіп, 7 есе өскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу