KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
511.92 588.91 6.44

Instagram енді жасөспірімдер үшін қауіпсіз бола түседі

Фото: pexels.com

11.06.2025, 12:00 84 Айдос Мырзахметов

Жақын арада Instagram-да 16 жасқа дейінгі қолданушылар үшін қауіпсіздікті арттыратын жаңа функциялар іске қосылады. Бұл жаңашылдық балалар мен жасөспірімдерді интернеттегі жағымсыз әсерлерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жаңа жүйе арқылы ата-аналар өз балаларының аккаунтын бақылап, кімдердің байланыса алатынын шектей алады. Сондай-ақ, қорлайтын сөздер мен жағымсыз пікірлер автоматты түрде бұғатталады. Жасөспірімдерге арналған аккаунттар арқылы түнгі уақытта хабарламалар туралы ескертулерді сөндіруге, бейтаныс адамдардың жазбаларын жасыруға және экран алдында өткізілетін уақытты шектеуге мүмкіндік бар.

Instagram бұл мүмкіндіктерді халықаралық зерттеулер мен ата-аналардың пікірлеріне сүйеніп жасаған. Жаңа функциялар жақын уақытта Қазақстандағы қолданушылар үшін де қолжетімді болады.

Бұл жаңашылдықтар – интернеттегі қауіпсіздікті күшейтіп, балаларды жағымсыз ақпарат пен кибербуллингтен қорғауға жасалған маңызды қадам.

Дереккөз: ҚР Цифрлық даму министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу