KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Қазақстанда жаңа банк пайда болды

25.06.2025, 17:00 314 Гульжан Мусина

Қазақстанда шетелдік қатысушысы бар жаңа банк – «БиЭнКей» коммерциялық банкі өз жұмысын бастады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған қаржы ұйымына банк операцияларын жүргізуге ресми лицензия берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл – елімізде соңғы он төрт жыл ішінде алғаш рет беріліп отырған банктік лицензия. Жаңа банктің құрылуы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған банк секторындағы бәсекелестікті арттыру және сенімді шетелдік қаржы институттарын тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асты.

«БиЭнКей» коммерциялық банкі – Оңтүстік Кореяның ірі қаржы тобы BNK Financial Group құрамына кіреді. Бұл топтың активтері 100 миллиард АҚШ долларынан асады. Құрамында Busan Bank пен Kyongnam Bank сияқты банктер, сондай-ақ инвестициялық және сақтандыру компаниялары бар.

Жаңа банк бұрын BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы ретінде жұмыс істеген. 2024 жылы заңнамадағы өзгерістер негізінде микроқаржы ұйымын екінші деңгейлі банкке айналдыруға рұқсат берілді. Қайта құрылымдаудан кейін банк мемлекеттік тіркеуден өтіп, толыққанды қаржы институтына айналды. Қайта құру сәтіндегі активтері 25,8 миллиард теңгені, кредиттік портфелі 21,8 миллиард теңгені құрады.

Банк заңды тұлғаларға депозит қабылдау, шоттар ашу және жүргізу, кассалық және аударым операцияларын орындау, кредит беру және шетел валютасымен операциялар жүргізу қызметтерін ұсынады. Жеке тұлғаларға да қызмет көрсету үшін банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылуды жоспарлап отыр.

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу