KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
522.19 606.42 6.47

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат – жалған

gov.kz

7.08.2025, 11:00 253 Төлеуғазы Жансая

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан 1949–2010 жылдар аралығында туған азаматтарға 70 000 теңге төленеді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ресми органдар ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жалған хабарламада азаматтарға арнайы сілтеме арқылы өту ұсынылады. Алайда бұл – алаяқтар тарапынан жеке деректерді жинау тәсілі болуы мүмкін.

«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі мүлдем жоқ. Сілтемеге өтпеуге және күмәнді ақпаратпен бөліспеуге кеңес береміз», – делінген ресми мәлімдемеде.

Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат тек 1414 нөмірінен келетін СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу сұралады:

  • egov.kz
  • gov.kz
  • Мемлекеттік органдардың ресми әлеуметтік желідегі парақшалары.
  • Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу