KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Өскемен–Риддер тасжолы қазан айында толық ашылады

Фото: Махаббат Ахметжанова

11.08.2025, 14:30 262 Төлеуғазы Жансая

Өскемен–Риддер республикалық тасжолын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол құрылысы екі айдан кейін, қазан айында толық аяқталып, қарашада пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жол 11 елді мекенді облыс орталығымен байланыстырады. Былтыр оның 30 шақырымы жөнделсе, қазір қалған 75 шақырымында жұмыс жүргізілуде. Құрылысқа 100 адам мен 60 техника жұмылдырылған.

Мамандар ойлы-қырлы учаскелердің бетін тегістеуге ерекше назар аударуда. Сондай-ақ облыс басшылығының тапсырмасымен, таулы жолдың сапасына берілетін кепілдік мерзімі әдеттегі 2 жыл емес, 3 жыл болып бекітілді.

«Жұмыс сәуір айында басталды. 2025 жылдың қазан айында толық аяқталып, қараша айында пайдалануға беру жоспарланған», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Алмас Хасенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу