KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Банктерде клиенттердің құқығын қорғайтын арнайы бөлімдер ашылады

pixabay.com

12.08.2025, 13:30 165 Айна Бакимбаева

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктерде жаңа бөлімшелер құруды тапсырды. Бұл бөлімдер қарапайым азаматтардың – жеке тұлғалардың банк алдындағы құқықтарын қорғаумен айналысады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Агенттік бұл бастаманы халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірлеген. Жаңа ереже 2025 жылғы 25 шілдеде бекітілді. Құжат банктердің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін күшейтуге бағытталған.

Арнайы бөлімдер банктің басқа құрылымдарынан тәуелсіз жұмыс істейді және «екінші қорғаныс желісі» рөлін атқарады. Олар:

  • клиенттердің құқықтарының бұзылмауын алдын ала қадағалайды;

  • жеке тұлғалардың қарызын өтеу тәртібін үйлестіреді;

  • шарттарды келісу және қаржылық өнімдерді ұсыну кезінде тәуекелді бағалайды;

  • шағымдарды қарау жұмысының тиімділігін тексереді;

  • банк өнімдерінің жарнамасы мен ұсынылу тәсілдерін талдайды.

Сонымен қатар, жаңа талаптар бойынша банктер қарыз алушының төлем қабілетін бағалағанда оның өмірлік жағдайын ескеруі тиіс. Қажет болған жағдайда, берешекті қайта қарау немесе жеңілдету жолдары қарастырылады. Бұл әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін маңызды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу