Мәскеу әуежайында Абай әні шырқалды
видеодан скрин
Мәскеудегі Шереметьево әуежайының күту залында жолаушылар тосынсыйға куә болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ән және би ансамблінің ерлер хоры ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көпшілікті бір сәтке саяхаттың қарбаласынан алыстатты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл өнер көрсету Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналды.
— Әнді тек сахнада ғана емес, түрлі елден жиналған адамдардың ортасында орындау – біз үшін маңызды. Осы арқылы біз ұлы Абайға құрмет көрсетіп, Қазақстан мәдениеті жайлы сыр шерттік, – дейді хор мүшесі Бауыржан Алтынбеков.
Жолаушылар әнді сүйсініп тыңдап, өнерпаздарды телефонға түсіріп, ұзақ қол соқты. Ұлттық әуен әуежайға жылы бір көңіл күй сыйлады.
Оқи отырыңыз