KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның бірқатар елді мекендерінде су сапасы нашар

Фото: Шартты сурет

18.04.2023, 18:50 246

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мониторинг нәтижелерін жариялады. 
Жылдың бірінші тоқсанында департамент қызметкерлері әртүрлі көздерден 216 су сынамасын алған. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бірнеше елді мекенде су сапасының нашар екені анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Департамент мәліметі бойынша, микробиологиялық көрсеткіш бойынша Шығыс ауылынан, Самсоновка кентіндегі №2 ұңғымадан, Кандыковка, Крюковка, Ново-Ильинка елді мекендеріндегі тарату желілерінен алынған су сынамалары талапқа сай келмеген. 

–    Сынамалардың талапқа сай келмеуіне қар еру кезеңінде жерасты суларының көтерілуі және ұңғымалардың қар суымен толуы әсер еткен болуы мүмкін, – деген болжам айтты департамент өкілдері. 

Шемонаиха және Волчанка ауылының тарату желілерінен алынған сынамалар да санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай емес екен. 
Шаруашылық жүргізуші мекемелер дезинфекция және желілерді шаю сынды шаралар жүргізді. Мамандардың мәліметінше, қайта алынған су сынамалары ауызсу гигиеналық талаптар үдесінен шығатынын көрсеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив