KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, В
508.3 592.17 6.63

Балалар құтқарушылардың киімін киіп жарысты – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі

9.06.2023, 11:23 540

Балаларға арналған «Толағай» лагерінің ашылуына орай ШҚО ТЖД мен Глубокое ауданының ТЖБ мамандары «Қауіпсіздік күнін» ұйымдастырды.

Құтқарушылар су жағасында жеткіншектерге қауіпсіздік ережелері мен тәртіпті үйретті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балалар эстафеталарда кедергілерді еңсеріп, білім шыңдау мақсатында ұйымдастырылған викториналарда қойылған сұрақтарға жауап беріп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы және оның ерекшелігі жайлы ақпаратқа қанықты.

Одан өзге, балалар өрт сөндіру техникасы мен арнайы киімді көріп, қызметкерлердің киімін киіп жарысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу