KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Зайсанда қола дәуірінде өмір сүрген әйелдің қорымы табылды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасынан алынды

3.08.2023, 10:04 273

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Кембридж университеті мамандарымен бірлесе қола және ерте темір дәуірлері ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, қазба жұмыстары ШҚО-ның Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының маңында өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазба жұмыстарына ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаев жетекшілік еткен.

Зерттеу жұмыстары ШҚО әкімдігінің «Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілді. Далалық жұмыстар барысында Айнабұлақ-Темірсу қорымының толық топографиялық жоспары түсіріліп, бірнеше оба зерттелді.

Обалардың бірінен әйел адамның жерлеу орны аршылған көрінеді. Оның жанынан қоладан жасалған ұштық пен ілгіш, қола ыдыс, 180 асық және бақаның бейнесі бар қола зат табылды. Сонымен бірге ежелгі үш қоныс орны анықталды.

– Барлау кезінде шетелдік мамандармен бірге металл заттар, сүйектер және қабір ішіндегі топырақ бойынша далалық жағдайда сынамалар алынды. Алдағы уақытта толыққанды пәнаралық зерттеулер Кембридж университеті зертханаларында жалғасады, – дейді экспедиция жетекшісі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив