KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Күршімнің мектептеріне жазғы лагерьге жолдамалар табысталды

instagram/kurchumbilimbolimi

17.03.2024, 14:00 118 Назерке Каримова

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде "Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасын бастап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Жаздық жолдама" жобасы жазғы каникул кезінде 5-8-ші сыныптардың 20 мың оқушысына зияткерлік және шығармашылық тұрғыдан дамытатын демалыс ұйымдастыруды көздейді. Қордың Қамқоршылық кеңесі бекіткен бюджет 2,1 млрд теңгені құрайды.

Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

- Осы шара аясында Күршім ауылының әкімі Ерлан Нұрсоветұлы №3 Күршім гимназиясы, Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі, Ю. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі, №5 Күршім орта мектебі және Алғабас орта мектептерінің директорларына “Жаздық жолдама-2024” сертификаттарын табыс етті, - деп хабарлады Күршім аудандық білім бөлімі.

Сондай-ақ, №1 Марқакөл орта мектебіне 6 жолдама, Марқакөл мектеп интернат колледжіне 3 жолдама берді. Жолдама алған оқушылар маусым айынан бастап лагерьде 2 апталық демалыс өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу