ШҚО-да Африка елдерінің 4 азаматы заңсыз жұмыс істеген
Фото: ШҚО ПД
Полицейлер тәртіп бұзушыларды "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс орталығындағы кезекті мекенжайды тексеру кезінде Қазақстанға турист ретінде келіп, алайда Өскемен қонақ үйлерінің бірінде техникалық персонал болып жұмыс істеп жүрген төрт шетел азаматын анықтаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Халықтың көші-қон саласындағы қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер еліміздің Әкімшілік кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар заңсыз мигранттарға жұмыс берушіге де 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, - деді облыстық полиция департаментінде.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын еске салады.
Оқи отырыңыз