Өскеменнен Катонқарағай мен Ақжарға автобус қатынайтын болады

Фото: articles-center.com
Өскемен қаласынан аудан орталықтары – Катонқарағай және Ақжар ауылдарына автобус маршруттарын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар басқарма шағын кемелерді басқаруға куәлік беру, жолаушыларды автобустармен тасымалдауға лицензия беру, әлеуметтік маңызды маршруттарды субсидиялау бойынша осы жылдың алғашқы тоқсанында 94 мемлекеттік қызмет көрсеткен. 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 15%-ға ұлғайған.
Басқарманың ресми сайтында ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша қажет ақпарат орналасқан.
Барлық қызметтер автоматтандырылған, қызмет алушының қызмет берушімен жеке байланысы алынып тасталған.