Самар ауданында құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Самар ауданының Новостройка ауылындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады.
Бекетте жазғы маусым бойы ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекшілік ететін болады, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, құтқарушылар бекеті жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқару жабдықтарымен, оның ішінде арнайы жүзу құралдарымен және өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.
Құтқарушылар қайықпен патрульдесе, өрт сөндірушілер ұзындығы шамамен 110 шақырым жағалау бойындағы мониторинг жүргізеді. Демалушыларға жадынамалар таратып, қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулық жүргізіледі.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.