KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Зайсанның Айнабұлағы да АЭС мәселесін талқылауға қатысты

Бүгін, 13:00 0 Назерке Каримова

Алдағы референдум аясында ақпараттандыру аса маңызды рөлге ие. “Иә” немесе “жоқ” деп жауап беру үшін әр азаматта негіз боларлық ақпарат қажет-ақ, бұл тұрғыда Халықтық штабтың мүшелері ауқымды істер атқаруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Олар Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясы салынуының маңыздылығы туралы тарқатып, азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

- Бұл жағдайды Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы деп қабылдаған абзал. Өйткені Президент Қ. Тоқаев атап өткендей, «Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дəйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауы тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді, - деді аудандық халықтық штабтың төрағасы Болатбек Балғабаев.


Атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімнің ар жағында елдің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешу жатқанын ескерген жөн. 

Тұрғындармен кездесуге аудандық «Достық» газетінің редакторы Нұргүл Қалықова,  аудандық мәслихат депутаты Ризабек Шәкенұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынхан Молдаханов қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив