KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Средигорное тұрғындары АЭС құрылысын қолдауда

29.09.2024, 17:40 1 993 Назерке Каримова

Средигорное ауылының тұрғындары атом электр станциясының құрылысына оң көзқараста, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лұқбек Тумашинов тұрғындармен кездесу барысында тозығы жеткен, қалыпқа келтіру үшін қомақты инвестицияларды қажет ететін көмір электр станцияларын атом электр станциясына алмастырудың уақыты жеткенін айтты. Сонымен бірге референдумның негізгі аспектілері де тарқатыла айтылды.

Мәжіліс депутаты қазіргі заманғы III және III+ буынды атом электр станциялары белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталғанын атап өтті. Пассивті жүйелер адамның араласуын қажет етпейді және реактордың өзегін балқыту сияқты апаттардың алдын алады. Бұл адам факторымен байланысты тәуекелдерді азайтады және станцияның қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартады.

Сондай-ақ, қазіргі заманғы атом электр станциялары нақты уақыт режимінде реактордың негізгі параметрлерін бақылайтын және кез келген ауытқуларға автоматты түрде жауап беретін күрделі бақылау және диагностикалық жүйелерімен жабдықталған.

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив