KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО онкология орталығында бірнеше жаңа бөлімшілер ашылады

instagram/onkocenter_vko

29.09.2024, 23:00 1 972 Назерке Каримова

Осындай бөлімшелердің жұмысымен танысу үшін орталық мамандары Қарағанды медициналық мекемелеріне барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 1-3-ші қабатты жаңарту аяқталғаннан кейін жаңа бөлімшелер ашылады, оның ішінде госпитальдық фармация бөлімі мен эндоскопиялық орталық бар.

ШҚО КОжХО-ның жеті маманы Қарағанды перинаталдық орталығына, сондай-ақ осындай бөлімшелердің жұмысымен танысу, тәжірибе алмасу және одан әрі ынтымақтастықты нығайту мақсатында №3 көпсалалы қалалық клиникалық ауруханаға барды.

- Госпитальдық фармация бөлімшесінің ашылуы бүкіл әлемде қолданылатын тәжірибе. Бұл науқастарға берілетін дәрі-дәрмектердің санын автоматты түрде бақылауға, дәрі-дәрмектерді үнемді жұмсауға, сондай-ақ дұрыс емес тағайындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сапар барысында онкологиялық орталықтың мамандары перинаталдық орталықта осы бөлімшені ұйымдастырудың негізгі аспектілерін меңгерді, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.


Сондай-ақ, делегация №3 көпсалалы қалалық клиникалық аурухананың эндоскопиялық орталығында болды, мамандар бөлімшенің жұмысымен, материалдық-техникалық жарақтандырумен, пациенттердің логистикасымен, сондай-ақ құрылыс пен жөндеуге қойылатын талаптармен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив