Алтай ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қандай? – ШҚО
Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ауданның сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкім өз сөзінде жергілікті биліктің күш-жігері ел Президентінің Жолдауында айтылған міндеттердің орындауға бағытталғанын, бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және аса өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететінін атап өтті.
Ағымдағы жылы Алтай ауданында егіс алқабы 76,6 мың гектарды құрады, оның 53,7 мың гектары жиналды. Дәнді дақылдардың және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы көлемі 86,6 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 26,8 центнерді құрады.
Сонымен қатар 29 жергілікті азық-түлік өндірушісі 105-тен астам өнім түрін шығарады, бұл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жер қатынастары саласында 19 елді мекеннің шекарасын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы 4932 гектар пайдаланылмаған жер қайтарылды.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Ауданда 3484 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 9,5 мың адам бар, бұл – экономикалық белсенді халықтың 28%-ы. 2024 жылдың алғашқы 8 айында шығарылатын өнім мен қызмет көлемі 27,7 млрд теңгені құрады. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жергілікті бизнес саласын қолдауды жалғастыруда. Бүгінгі күні 142,4 млн теңге сомасына 12 негізгі жоба мақұлданды, бұл салық түсімдерін едәуір арттырады.
Ауданның туристік саласы да дамып келеді. Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базаларын түгендеу нәтижесінде 55 жеке кәсіпкер есепке алынды, ал бірінші жартыжылдықтағы қызмет көлемі 530 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен үш есе көп.
Ауданды ауызсумен жабдықтау жақсарды. Малеевск және Путинцево ауылдарында су желілерін салуды қоса алғанда, жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге 26 жоба іске асуда. Жол инфрақұрылымына 1,02 млрд теңге инвестицияланды, бұл 44 шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік берді.
Биыл әлеуметтік нысандарды салуға және жөндеуге көңіл бөлінді. Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп салынуда, ал Тұрғысын ауылында, Октябрьский кентінде дәрігерлік амбулатория, Феклистовка ауылында медициналық пункт, Алтай қаласында стационарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жылумен қамту бойынша 1,7 млрд теңге бөлінді. Алтай және Серебрянск қалаларында, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентінде қазандықтар мен жылу желілері жөнделді.
Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 1934 жұмыс орны құрылды, ал оқу орталықтарының базасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту ұйымдастырылды.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін елді мекендерді 3G және 4G желілеріне қосу жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ ауданның 22 мектебі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған.