Өскемендегі әскери бөлімде нәзікжандылар ант қабылдады
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінде ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отан алдындағы борышын атқаруға келген үш нәзік жанды қару асынып, ант қабылдады. Олардың бірі – қатардағы қатардағы Әмина Айтмұқашева. Ол тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің психологі қызметін атқармақ.
Салтанатты шараға Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшылығының әскерилері мен ардагерлер қатысты. Олар жастарға ізгі тілектерін жолдады. Бүгінгі кеште әрбір ант қабылдаушы өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Өйткені, салтанатты рәсім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналып, қатардағы жауынгерлер бойындағы патриотизмді арттырып, Ұлттық Ұлан қатарында адал қызмет атқару тәрізді қасиеттерге тәрбиелейді. Айта кетейік, үш жүзге жуық әскери қызметші қызмет атқаратын әскери бөлім мемлекеттік маңызды мекемелерді күзетеді.