KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Шығыста «Өр Алтайдың өрені» облыстық байқауы өтті

Бүгін, 15:00 29 Төлеуғазы Жансая

22 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұстаз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рақымжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Өр Алтайдың өрені» атты облыстық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – Төлеген Рақымжанұлы мұрасын халыққа, әсіресе жастар арасында насихаттау; ақын шығармалары арқылы жастар бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік, елін-жерін сүю тәрізді қасиеттерді қалыптастыру; жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту.

Көркемсөз оқуға талабы бар үміткерлер Төлеген Рақымжанұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, жас ақындар Төлеген Рақымжанұлына арнау өлеңдер жазды.

Байқауда бақ сынаған ақындар арасынан жеңімпаз атанғандар:

1 орын - Айдосқызы Аружан (Үлкен Нарын ауданы, Көкбастау ауылы, 9-сынып оқушысы);

2 орын - Қайратқызы Жайдар (Ұлан ауданы, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» 9 сынып оқушысы);

3 орын - Бейбітханқызы Айым (Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, 1-курс студенті)

Арнайы жүлде - Ақерке Нұрболқызы (А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі, 10 сынып оқушысы)

Төлеген Рақымжанұлы өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыған сайыскерлер арасынан оза шауып үздік деп танылғандар:

1 орын - Нұрсалық Алдияр (Катонқарағай ауданы, «Аршаты» орта мектебі)

2 орын - Бақытбек Бекжан  (№35 мектеп, 10 сынып оқушысы)

3 орын - Қайрат Асанәлі (№49 жалпы білім беру мектебі, 11 сынып)

Арнайы жүлде -  Сүлейменова Замира.

Шараға Алматы қаласынан, Өскеменнен арнайы келген Төлеген Рақымжанұлының балалары үздік қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Туған жерге туын тіккен ақынымызды ұлықтаған дүбірлі дода өз мәресеніе жетіп, барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, әдемі көңіл-күймен тарасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу