Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты: құтқарушылар 10 адамды эвакуациялады
Фото: Жасанды интеллект
Өскемен қаласының Жастар көшесіндегі көпқабатты үйде электр қалқанындағы сымдардың қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, подъезде қалың түтін тарады.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Қауіпті аймақтан 10 адам, соның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
Зардап шеккен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ТЖД арнайы жылы көлік ұсынып, оларды өрт сөндіру жұмыстары аяқталғанша сонда орналастырды.
Өрт шұғыл сөндірілді, ал сымдардың тұйықталуынан туындаған жану оқшауланды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды электр құрылғыларын дұрыс пайдаланып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.