KZ
Өскемен
-1°
небольшой снегопад жел 6 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Риддер қаласында жаңартылған хоккей қорабы ашылды

27.11.2024, 17:30 107 Гульжан Мусина

2024 жылғы 26 қарашада Риддер қаласында жаңартылған хоккей қорабының салтанатты ашылуы өтті,- деп хабарлайды  Аltainews.kz  тілшісі. 

Биыл бұл алаңда бірқатар жақсартулар жасалып, жаңа жарықтандыру орнатылып, шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орнатылған аспалы жарықтандыру кешкі уақытта хоккей ойнауға және коньки тебуге мүмкіндік береді. Ал жөндеу жұмыстары алаңды пайдаланушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы етті.

- Біз жаңартылған хоккей қорабының ашылғанына өте қуаныштымыз. Енді ол белсенді демалыс пен спорт әуесқойлары үшін одан да қолжетімді болады. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсартудағы маңызды қадам және жаңа алаң барлық жастағы тұрғындар үшін тартымды орынға айналады деп үміттенеміз, – деді қала тұрғыны М.Қонысбаева.

Хоккей қорабы қыс мезгілінде жұмыс істейді, бұл хоккей ойнауға және коньки тебуге жағдай жасайды. Жаңартылған нысан белсенді демалыс әуесқойларын да, қаланың жас тұрғындарын да тартады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу