KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Защита шағын ауданында ауадағы зиянды заттар деңгейі тексерілді (видео)

28.11.2024, 16:45 199 Гульжан Мусина

Бүгін, күннің бірінші жартысында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары Өскемен қаласының Защита шағын ауданындағы жеке секторда ауа құрамындағы зиянды заттардың деңгейін өлшеді. Газоанализатор арқылы жүргізілген өлшеулер нәтижесінде бес заттың екеуі бойынша шекті концентрацияның асқаны анықталды, деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі.

– Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың концентрациясын анықтау мақсатында департамент күнделікті өлшеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгін, 28 қарашада, сынақ зертханасының мамандарымен бірге Защита шағын ауданының жеке секторына барып, ондағы атмосфералық ауа сапасына зерттеу жүргіздік. Өлшеулер ГАНК-4 газоанализаторы арқылы жүзеге асырылды, – деді ШҚО Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Нұржанат Мазыкенова.

Өлшеу нәтижелері бойынша кейбір заттардың, соның ішінде күкіртсутегінің шекті концентрациядан 6,9 есе жоғары екені анықталды. Алайда, күкірт диоксиді, азот диоксиді және формальдегид деңгейлері белгіленген нормадан аспағаны қуантады.

Жалпы, Өскемен қаласындағы қазіргі ауа райы жағдайлары мұндай ахуалдың қалыптасуына әсер етіп отыр. Әдетте, жел бар кезде зиянды заттар ауада бір жерде шоғырланбайды, ал желсіз күндері олар жер бетіне жиналады. Бұл заттар адам өмірінің барлық салаларында - өндіріс орындарынан бастап, пеш жағу мен автокөліктердің шығарындыларына дейін кездеседі.

Синоптиктердің оң болжамдарын күтіп, желсіз ауа райының орнына ауа айналымы жақсаратын қолайлы жағдайлар орнағанын күтуге тура келеді.

Ақерке Рағызбаева

Фото/видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу