KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО ТЖД: жұқа мұздан құлап кету қаупі зор!

29.11.2024, 10:00 56 Гульжан Мусина

Өңірде «Мұз-2024» республикалық үгіт-насихат және алдын алу акциясы аясында профилактикалық рейдтер жалғасуда. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп 470-тен астам рейд өткізіп, балықшыларға 317 нұсқаулық жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Су айдындарында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған. Балықшыларға «Мұз үстінде жүру ережелері» түсіндіріліп, қиын жағдайға тап болмас үшін қандай қауіпсіздік құралдарын алып жүру қажеттігі айтылды.

«Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес, мұздың қалыңдығы 10 см-ден кем болғанда оған шығуға тыйым салынады, ал көлікпен шығу мүлде рұқсат етілмейді. Қалыңдығы 25 см-ден кем мұзға шыққанда, өзіңізбен бірге ысқырғыш, құтқару жилеті, мұз ойғыш құралдар, диаметрі кемінде 11 мм және ұзындығы кемінде 12 метр болатын арқан, ұзындығы 2 метрден асатын таяқ алып жүру керек», – деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Даурен Ағажаев.

Құтқарушылардың айтуынша, қауіпті мұздың белгілері – оның сұр, ақшыл сары реңкті ақ түсті болуы. Әсіресе, қатты ағын бар жерлерде, өсімдіктер өсетін, немесе су қайнарлары бар аймақтарда мұздың сенімсіз болатыны ескертілді.

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу