KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, С
513 541.16 4.69

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан

Фото: Нелли Петенева

Бүгін, 12:00 40 Гульжан Мусина

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан,- деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі. 

Облыста  «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында үш мың орындық жеті мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде  барлығы 1800 орындық төрт мектеп ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін пайдалануға берілуге тиіс. Барлығы 1200 орындық тағы  үш мектептің құрылысы келесі 2025 жылға ауысады.

Бұл мектептердің ерекшелігі - бастауыш және жоғары сыныптарға арналған оқу блоктары бөлек болмақ. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін тиімді тәсіл. Әр мектепте психолог және логопед кабинеттері, робототехника және биотехнология кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг бұрыштары,  кіші және жоғары буын оқушыларына арналған жеке спорт залдары қарастырылған.  Ал 600 оқушыға арналған жобаларда бастауыш және орта мектептерге арналған қосымша спорт залдары салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу