KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ұлттық банк доллардың шарықтауына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Фото: pexels.com

29.11.2024, 19:00 82 Гульжан Мусина

Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді,- деп хабарлайды   Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап. 

Банктің мәліметінше, ішкі де факторлардың валюта бағамына кері әсер етеді.

- Сыртқы фактор – дамушы нарық валюталарының жағымсыз қарқыны АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат тауарлары құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында дамып отыр. Қуатты доллар дәстүрлі түрде шикізат тауарлары үшін жағымсыз фактор. Сонымен қатар мұнай бағасының құбылмалылығы жоғарылады, экономистердің Трамптың президент болуы кезінде әлеуетті сауда баждары мен АҚШ-тың мұнай жеткізілімдерінің ұлғаюы ұсыныстың артуына әкеледі деген болжамы бар. Ресейлік қаржы секторына қарсы жаңа санкциялардың енгізілуі аясында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылатын Ресей валютасы – рубльдің әлсіреуі жеделдеді. Салдарынан юань/рубль жұбының бағамы қараша айының басынан бері 11,2%-ға әлсіреп, бір юань үшін 15,1 рубльге жетті. Халықаралық Forex валюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы бір доллар үшін 114,5 рубльден асты, бұл ретте рубль ай басынан бері 18%-ға әлсіреді, – деп хабарлады Ұлттық банк.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу