KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

2025 жылы Өскеменде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылады

30.11.2024, 15:00 82 Төлеуғазы Жансая

Әр азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Облыста зейнет жасындағы 139 мыңнан астам зейнеткер бар.  Өңірдегі зейнеткерлердің денсаулығын, өмір сүруін жақсарта түсу мақсатында  2025 жылы Өскеменде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Өскеменде өткен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ ШҚО филиалының пленумында аудандар мен қалалардың ардагерлер ұйымының төрағалары мен өкілдері өткен жылдың қорытындысын шығарып, алдағы міндеттер мен шараларды талқылады. Жиында облыс әкімі Ермек Көшербаев жас ұрпақты тәрбиелеу және ұзақ жыл мемлекеттік қызметте істеген Манарбек Мұхаметжановты 70 жас мерейтойымен құттықтады.

Пленумды облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жүргізді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев өңірде зейнеткерлерге жасалып жатқан қамқорлықтар мен көмектер, медициналық қызметтер туралы баяндады. 

-Облыстағы қарияларымызға тұрақты түрде көңіл бөлініп келеді. Олардың ең бастысы - зейнеткерлердің денсаулықтарын нығайтуға бағытталған шаралар. Жыл сайын облыстағы 5 мыңнан астам зейнеткер «Уба» шипажайында  демалып, сауығып қайтуда. Бұл шараға жыл сайын мемлекет тарапынан 869 миллион теңге бөлініп отыр. 4000 ға жуық жалғызбасты қарияларға аумақтық орталықтар мен үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді. Алдағы 2025 жылы зейнеткерлердің денсаулығын нығайту үшін  Өскеменде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылады, қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, -деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Айтқазы Шерубаевтың айтуынша, алдағы уақытта  ардагерлер өңірде ұрпақ саулығы, құмар ойындары мен нашақорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша да белсенді жұмыс жүргізбек. 


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу