KZ
Өскемен
+1°
небольшой снегопад жел 5 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Алтай ауданында «Ұрпақ қуаты» XIV жастар форумы өтті

Фото: Алтай ауданы әкімдігінен
Фото: Алтай ауданы әкімдігінен
7.12.2024, 14:45 403 Төлеуғазы Жансая

Алтай ауданында ең белсенді, шығармашыл, бастамашыл және креативті жастардың қатысуымен «Ұрпақ қуаты» XIV жастар форумы өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – еңбек адамының рөлі болды.  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 2025 жылды елімізде Еңбек мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, Еңбек мамандықтары жылының басты мақсаты – қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеяларын дәріптеу. Сондай-ақ, адал және қажырлы еңбегімен жетістікке жеткен адамдар әрдайым құрмет пен сыйға лайық болуы тиіс екенін атап өтті.  

Алтай ауданының әкімі Р. Құрмамбаев жастарды жігерлендіріп, олардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті:  

- Жастық – ізденістер мен жаңалықтардың, ең батыл үміттердің жүзеге асу уақыты. Мұндай адамдар біздің қоғамға қажет. Сіздердің жеке жетістіктеріңіз – еліміздің жетістігі, - деді аудан әкімі.  

Іс-шара барысында Р. Құрмамбаев түрлі номинациялар бойынша үздік жас мамандарға алғыс хаттар табыстады:  
- «Агро-ДРАЙВ»номинациясы бойынша – Мұйтынов Ренат Ерланұлы («Снегиревское» ЖШС, Алтай ауданы);  
- «Ұшқын шебері» номинациясы бойынша – Александр Сергеевич Асташев (Алтай аудандық ауылшаруашылық колледжінің өндірістік оқыту шебері, техник-технолог);  
- «Жылу маманы» номинациясы бойынша – Мироненко Арсений Сергеевич (Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінің «Тепловодоцентраль» КМК қазандық машинисі);  
- «Жан мен тәннің емшісі»номинациясы бойынша – Роман Тлеуленович Тлеуленов (травматолог-ортопед дәрігері);  
- «Ұстаз – бұл мамандық»номинациясы бойынша – Бақтыбаева Айжан Шабданқызы (Алтай қаласының №7 орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-эксперт, бастауыш сынып мұғалімі);  
- «Үздік полиция қызметкері» номинациясы бойынша – Ермек Мерболұлы Қасенов (ШҚО Полиция департаменті Алтай аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция взводының инспекторы);  
- «Спорт – бұл өмір» номинациясы бойынша – Тоқтарқанов Еркебұлан Айдарханұлы (киокушинкай каратэ жаттықтырушысы);  
- «Креативті және ойын-сауық блогы» номинациясы бойынша – Жәухар Тоқтарбекқызы Чиндина (Алтай қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо жаттықтырушысы, гадзуро-до каратэ, керлинг бойынша жоғары санатты жаттықтырушы);  
- «Эко-активист»номинациясы бойынша – Тыщицкая Маргарита.  

«Жыл волонтерлары»номинациясы бойынша келесі командалар марапатталды:  
1. «Қазцинк» ЖШС Жастар кеңесі командасы;  
2. «Ашық жүрек» волонтерлар тобы;  
3. «Алтай ЖАСТАРЫ» волонтерлар тобы.  

Мұндай іс-шаралар жастарды біріктіріп, олардың қоғамның белсенді мүшесі болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, патриоттық сезім қалыптастырып, жастар саясаты мен қозғалыстарын дамытуға, болашақта еліміздің басты қозғаушы күші болатын жас буынның өзін-өзі жүзеге асыруына серпін береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу